Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Адал еңбек көрінісі” облыстық сурет байқауы мәресіне жетті. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлаққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылар арасында шығармашыл оқушыларды анықтау және ынталандыру, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін, адал еңбекті дәріптеу, адалдық туралы танымдық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 11 қараша күні «Адал еңбек көрінісі» атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға облыс бойынша 150 оқушы қатысып, облыстық кезеңге 53 жұмыс қабылданды.
Қазылар алқасы үздік жұмыстарды жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, техникасы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі, материалдың бейнелігін, тұпнұсқалығын және көркемдік мәнерлігін көрсету критерилері арқылы бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
Нәтижесінде, Байзақ ауданы, №5 орта мектебінің 7 сынып оқушысы А. Тохтар бірінші орынды, Шу ауданы, Алға орта мектебінің 6 сынып оқушысы Б. Әлдібай, Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы А. Рахат екінші орынды, Т. Рысқұлов ауданы, Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Г. Құралбек, Жуалы ауданы, №13 орта мектептің 8 сынып оқушысы Б. Меңдіғали, Қордай ауданы, №9 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ұ. Тұтқышева үшінші орынды иеленді.
Алдыңғы