Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абаттанған ауылдардың ажары ашылуда

0 365

Жамбыл облысында ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айталық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үшжақты әріптестігі аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба Талас ауданының Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылдарында басталды. Қазіргі таңда ауылдардың қоғамдық инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жастар мен балалардың бос уақытын өткізуге арналған орындар салу.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС қаржыландырды.
Әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі қалаларға кетуіне негізгі себептерінің бірі.
Облыстың аудандық әкімдіктері «Даму әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп, отандық компаниялардан ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, ойын және спорт алаңдарын салуға көмек сұраған.
Осы орайда ағымдағы жылдың наурыз айында Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында балалар ойнайтын, воркаут және баскетбол алаңдарының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, демеушілердің қаржысына осы ауылды суармалы сумен қамтамасыз ететін екі ұңғыма тазартылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Ойық, Бөлтірік шешен және Сейілбек елді-мекендерінде «Жамбыл облысы ауылдарының бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту» жобасы бойынша барлық жұмыстарды демеушілер осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.