Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абайлаңыз! Наурызда қай күндер қауіпті екені белгілі болды

0 451

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, 2024 жылдың наурыз айының көп бөлігі тыныш болады. Наурыз айында магнитосфера жасыл аймақта тұр. Бұл айда әлсіз белсенділік тек 4 рет байқалуы мүмкін: 2, 24, 25 және 26 наурыз. Алайда магниттік дауылдар болжамы тұрақсыз, ол өзгеріп тұруы мүмкін. Кейде кенеттен күшті магниттік дауыл болады.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су ішу режимін сақтаңыз.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.