Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абай рухына тағзым

0 157

Абай күніне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған зиялы қауым өкілдері ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні ретінде бекітілген еді. Сол жылы хакімнің толық шығармалары әлемнің 10 тіліне, атап айтсақ, француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, итальян тілдеріне аударылып, басылған. Сонымен қатар Бельгия, Сингапур, Эфиопия, Болгария, Чехия, Моңғолия, Грузия, Түркия, БАӘ, АҚШ, Мысыр, Пәкістан, Мажарстан, Иран, Үндістан, Малайзия, Литва елдерінде ойшылдың атындағы орталықтар мен клубтар, ақын ескерткіші мен саябақтары ашылды.
Бүгінде республика бойынша 31 елді мекен, 1 300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады.
Халқы барда Абайдың мұрасы мен есімі ешқашан өшпейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.