14 тамыз күні кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша анасының арызымен облыстық ПД-да сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды, онда 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Сол күні күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», – деді полиция қызметкерлері.