Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абай облысында 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті анықталды

0 620

14 тамызда кішкентай қызды зорлау дерегі бойынша анасының арызымен облыстық Полиция департаментінде соталды тергеу басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі  ағзасы қатты зақымданған.

«Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты», – деді анасы.

Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

«Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», – деді полиция қызметкерлері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.