Қалалық қоғамдық-саяси газет

A.Z: «91» тобынан кеткеніме өкінемін

0 375

Азамат Зенкаевтың Ninety one тобынан кетуін көпшілік оның жеке өмірімен байланыстырды. Алайда рэпердің өзі Ерке Есмаханның бұл мәселеге еш қатысы жоқ екенін айтады. Сөзіне қарағанда, бойзбендтен шығып қалуына өзінің қырсықтығы себеп болған. Бұл туралы Азамат YouTube-та жарияланған “Жұлдыздар жұлдыздар жайлы” бағдарламасында айтып берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«91» тобынан кеткеніме өкінемін. Негізі ол шешімді саналы түрде қабылдаған жоқпын. Олай болғанын қаламағанмын», – деп мәлімдеді A.Z.

Атағы дүркіреп тұрған шағында топтан кетіп, бармағын тістеп қалған Азамат шегінерге жол жоқ екенін жақсы түсінген. Сондықтан қайта оралмаған. Ал топтан кетуінің себебін өзі былай түсіндірді:

«Себеп – мінезде. Мінезім бар жігітпін, кей кезде артық кетіп қалатын кездерім болады. Адамдарды көп ренжітіп алуым мүмкін. Сондай адамдар болса, кешірім сұраймын. Сол кезде бір сөзге ренжіп, қырсығып қалдым. Қазір басылды. Топтан шыққаннан кейін, бір аптадан кейін-ақ басылды ғой. Қазір жұмыстарын жасап, әрі қарай қозғалу үстінде. Қуаныштымын олар үшін. Өзім де жұмысымды жалғастырамын», – дейді Азамат Зенкаев.

Сондай-ақ, жақында Еркемен айырылысқан Азамат күйзеліске түсуге уақыты жоқ екенін, қазіргі уақытта белсенді түрде шығармашылықпен айналысып жүргенін атап өтті. 

Айта кетейік, осы сұхбатында рэпер Ерке Есмаханмен қосылуына анасының себеп болғанын айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.