Қалалық қоғамдық-саяси газет

«АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҚИҚАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛЕТІН ҚАЛАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР (АРНАУ,ЭССЕ, МАҚАЛА ЖАЗУ) БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

0 387

І Жалпы ереже

Қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай жазушының шығармаларын насихаттау, оқушының тұлғалық қасиеттерін дамыту және жауынгердің рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу арқылы өмірлік танымдарын қалыптастыру мақсатында Тараз қаласының  мектеп  оқушылары арасында «АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҚИҚАТ» тақырыбында өткізілетін қалалық шығармалар (эссе, мақала  жазу,  арнау шығару) байқауын (бұдан әрі – Байқау) «Жамбыл – Тараз» қалалық қоғамдық – саяси газетінің редакциясы» ЖШС және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы ұйымдастырады.

Осы Ереже байқауға қатысуға ниетті барлық мүдделі тұлғалардың назарына ұсынылады.

Ереже «Жамбыл – Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС-нің z.taraz.kz сайтына жарияланады.

.

ІІ Байқаудың мақсаты

– Тараз қаласының мектеп оқушылары арасында Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттау;

– Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

-Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге баулу;

– Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

– Жас қаламгерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

ІІІ Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен анықталады;

Қазылар алқасының шешімі қатысқан алқа мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылданады;

Шешім хаттама ретінде ресімделеді;

Қазылар алқасының мүшелері тақ саннан тұрады және оның құрамына БАҚ өкілдері кіреді;

Жеңімпаздар  Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын –әр номинация бойынша анықталады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен,бағалы сыйлықтармен марапатталады, жүлделі орынға ие болған жұмыстар «Жамбыл – Тараз» қалалық қоғамдық – саяси газетінде жарияланады.

IV  Байқауға қатысу шарттары

 Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі   

– Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады.     Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.

-Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін әдебиет саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады.

– Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

– Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.

– Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

– Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады.

 – Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы керек.

            Байқау жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін мына электоронды почтаға жіберіледі, сондай-ақ келесі мекен-жай бойынша қабылданады: taraztech.centr@mail.ru, t.ainura2013@mail.ru, Тараз қаласы, А.Сарсенбаев көшесі 1 «А», ТШО, тел/факс 43-37-70,     8707-695-5273

 Байқауды мараппаттау рәсімі 19.11.2020 жылы сағат 11.00   Б. Момышұлы атындағы   «Даңқ» мұражайында өткізіледі.

 2020 жылғы  16 қарашасынан  кейін түскен байқау материалдары, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

 Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және оларға рецензиялар, қазылар алқасының қорытындылары берілмейді.                                         

 Байқау материалдарының мазмұнына ұйымдастырушылар жауапты емес.

Байқау жұмыстары жеке адаммен орындалуы қажет.

 Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор баспаларында жариялауға құқылы.

Байқауға, қатысушыларға қойылатын талаптар

Байқауға 5-8 сынып оқушылары;

9-11 сынып оқушылары,

қосымша білім орталықтары тәрбиеленушілері қатыса алады.

 Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Қаһарман қолбасшы» атты эссе номинациясы;

 Б. Момышұлының шығармашылығы, өмірі, оқырманымен арасындағы  рухани байланысын суреттейтін эссе конкурсы. Эссе келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 1 беттен кем емес (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.

2.«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» мақала номинациясы;

Б. Момышұлының шығармашылығы мен өмірін зерттеу. Мақала келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 1 беттен кем емес (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырып пен зерттеу нысанының ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі бағаланады.

2. «Намыстың құлы, Алаштың ұлы» арнау номинациясы

Оқушылар арасындағы  сұлу сөзді серік еткен жас ақындар байқауы. Номинацияда  қатысушы  ақынның болмысы, шығармашылығы, өмірі жайында авторлық өлеңдерін ұсынады. Әділ қазы алқалары қорытынды шығарарда авторлық өлеңдердің стилистикалық байланысына, логикалық құрылымына, ұйқас ерекшелігіне басты назар аударады.

Бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс қабылданады. Мақала А4 форматында Times New Roman (14) қарпімен 1,0 жоларалық интервал арқылы терілуі тиіс.

Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған туындылар «Жамбыл – Тараз» қалалық қоғамдық – саяси газетінде жарияланады газетінде, сайтында жарияланады.

V Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері

Байқауға жолданған материалдарды бағалау кезінде төмендегі өлшемдер назарға алынады:

– жұмыстың белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

–  автордың ұстанымы, сауаттылығы;

– жазу стилінің көркемдігі;

– оқырманға эмоционалдық әсері.

Әрбір шығарма 1-ден 5 баллға дейін бағаланады. Ең көп балл жинаған жұмыс өзінің жас тобына сәйкес жеңімпаз болып табылады.

VI Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдастырушылар және қазылар алқасынан тұрады. Байқауды дайындау мен өткізу жөніндегі жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, сонымен қатар оның орындалуын қадағалайды.

Байқау туралы ережені және байқаудың қазылар алқасының құрамын бекітеді.

Ескерту: интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Бір оқушы бір ғана номинация бойынша қатыса алады.

Білім беру мекемесінің мөрі мен директорының қолы.

Байланыс телефондары: 43-37-70

8 707 695 52 73  Тлемисова Айнура Омарбековна

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.