Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ақындар адалдықты жырлайды»

0 339

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Ақындар адалдықты жырлайды” атты облыстық мектеп оқушылары арасында айтыс өтті.
Оқушылардың ойы мен қиялын ұштастыра отырып, тіл байлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында «Ақындар адалдықты жырлайды» атты Облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Айтыс «Бозторғай» үлгілі ән – би ансамблінің «Вокалдық» тобын орындауында «Тәуелсіз елім» әнімен ашылды.
Ақындардың жалын атқар өткір сөздерін сарапқа салып, бағасын берген қазылар алқасы
«Ақ жол» газетінің мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі , 17 жылдан бері оқушылар айтысының жанашыры – ұстазы – Есет Досалы,
Облыстық «Арай» жастар газетінің тілшісі, жазушы – Қарасаева Қамар Рахметуллақызы,
Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және Тарихтану орталығының кіші ғылыми қызметкері, облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері – Апбасов Дидар Оңғарбекұлы,
Жамбыл «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі – Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы қатысты.
Айтысқа аудандардан 6 ақын қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
• Бас жүлде иегері – Тынышбек Санжар, Қордай ауданы;
• І орын – Айдаралы Алина, Жамбыл ауданы;
• І орын – Жүнісбек Айсулу, Талас ауданы;
• ІІ орын – Жаңабай Інжу, Тараз қаласы, №3 мектеп – лицейі;
• ІІ орын – Адабаева Аружан, Меркі ауданы;
• ІІІ орын – Ибрагим Балнұр, Байзақ ауданы:
Байқау соңында айтысқа қатысқан барлық қатысушылар мен айтысқа шәкірт баптап, ақын дайындағаны үшін жетекшілерге және де айтыстың жоғары деңгейде өтілуіне үлес қосқан қазылар алқасына алғыс хаттар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.