Тараз қаласының даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы – 25 аула, 2024 жылы 24 аула, ал ағымдағы жылы 25 аула абаттандырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.
Даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдары 20 шағын футбол алаңшасы салыну жоспарланса, оның 5-еуі – 2023 жылы, 9-ы 2024 жылы салынған. Ағымдағы жылы 11 алаңшаның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ 12 алаңша күрделі жөндеуден өткен. Бюджеттен тыс 12 футбол алаңшаларының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, 2024 жылы «Құмшағал» тұрғын алқабында спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді. Ал ағымдағы жылы «Ұлы дала» шағынауданында спорт кешенінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының 41,8 пайызының дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануына жағдай жасап келеді.