Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ақылға қонымсыз»: Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты пікір білдірді

0 783

Экономист, президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов келер жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінің артуына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Олжас Құдайбергенов БЖЗҚ формуласында зейнетақы төлемдерінің шекті жасы қолданылатынын айтты. Төлемдердің бастапқы жасымен айырмашылық әр түрлі коэффициенттердің дәрежесін анықтайды.

«Ерлердің орташа өмір ұзақтығы 67 жыл делік, бірақ барлығы 82 жасқа дейін өмір сүретіндей шек есептелген. Жеткіліктілік шегін бұрмалайтын басқа да ұсақ-түйек бар. Мәселен, 20 жастағы адамда 3 миллион теңге жеткіліктілік шегі болады деген ақылға қонымсыз», – деп нақтылады сарапшы.

Құдайбергенов Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екеніне назар аударды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.

Айта кетсек, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте «Республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмай, наразылықтарын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.