Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қақтығыс кезінде Сағынтаев мінген көлікке шабуыл жасаған сәттегі видео жарияланды

0 1  023

Алматы қаласының әкіміне шабуыл жасалған сәттің видеосы nehabar telegram арнасында жарияланды.

Еске салайық, 6 қаңтар күні кешке Алматы әкімінің кортежі, оның ішінде әкімдік пен «Алматы» телеарнасының қызметкерлері түсірілімге әкімдікке жіберілген болатын.

Кейбір деректерге сүйенсек, аумақта тазалық жүріп жатқаны және аумақтың таза болғаны туралы хабар болған.

Көліктер әл-Фараби даңғылынан Назарбаевқа қарай төмен түсіп келе жатқан сәтте жолаушыларға оқ жауды.

Атыс салдарынан спорт бөлімінің басшысы, дін басқармасының басшысы, қала әкімінің жүргізушісі, «Алматы» телеарнасының операторы зардап шекті. Ал Алматы телеарнасының жүргізушісі қаза тапты.

Абайлаңыз, бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.