Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтаулық спортшы өзінің 1 миллион теңгесін ауылдағы спортзалға берді

0 212

Ақтаулық сопртшы, еркін күрестен әлем чемпионы Камиль Куруглиев өзінің 1 миллион теңгесін Маңғыстау облысындағы спортзалдардың біріне берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маусымда Қызылсай ауылының жас спортшылары Ақтауға келіп, еркін күрестен бірге дайындық өткізген. Сөйлесе келе жастардың дайындалуға арналған кілемдерінің де болмағаны анықталған. Олар каратеге арналған ескі татамиде жаттығады екен.

31 шілдеде Куруглиев еркін күрестен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жеңістен кейін алматылық қоғам қайраткері Ерлан Қожасбаев спортшыға 1 миллион теңге сыйлаған.

Бұл қаржыға чемпион күреске арналған кілем сатып алып, Қызылсай ауылындағы жас спортшыларға сыйға тартпақшы. Анықталғандай, кілемдерді жеткізіп берген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.