Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтаулық дәрігерлер науқастың көзінен 25 жыл бұрын қалып қойған әйнек бөлшегін тапты

0 545

Дәрігерлер Ақтау тұрғынының  көзінің астына көлік апаты кезінде кірген әйнекті 25 жылдан кейін алды. Ол осы уақытқа дейін сол әйнек бөлшегімен өмір сүріп келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

«1997 жылы қыз апатқа ұшырап, соның салдарынан бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Кейін қыз есін жиып, инфраорбитальды аймақта кең тыртықпен және деформацияланған көзімен әдеттегі өмірін қайта бастаған. Алайда сол сәтсіз күндерден бері оның көзінің астында ауырсыну пайда болып, жас ағу және басқа да белгілер оның мазасын алған. Қагша дәрігерлерге көрініп, түрлі мамандарға жүгінсе де еш нәтиже болмаған», – деді емханадағылар.

25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан көлемі 5 миллиметр болатын шыны сынығын тапты. Шыны науқастың тіндерінен қауіпсіз түрде шығарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.