Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар туралы мәлімет шықты

0 74

Ақтаудан үш шақырым жерде Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырап, аман қалған 28 адам Маңғыстау облысындағы ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар саны – 28 адам, оның екеуі – бала.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, алдын ала жедел ақпарат бойынша, 28 адам медициналық мекемелерге әртүрлі дәрежедегі жағдаймен жеткізілген. Оларға облыс ауруханаларында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына 23 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.