Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаңтар оқиғасы: Таразда 17 адамға сот үкімі шықты

0 734

Сотталушылар бірнеше бап бойынша жазаға тартылды, деп хабарлайды Экспресс К.

«Сот қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында Ә., Б., Б., А., Қ. С., Б., Ш., есімді азаматтардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандығын анықтады. Олар зорлық-зомбылық көрсетіп, қиратып, мүлікті бүлдірген. Ш., Ш., А., П., С., М., Е., Ш. жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөгденің мүлкін ұрлаған. А. қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасауға оқталды», — делінген Тараз қаласының №2 сотының шешімінде.

 

Бұған дейін қаңтар оқиғасынан қаза болғандардың толық тізімі Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.