Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ Қытайға Ресейге әскери көмек бермеу жөнінде ескертеді

0 275

АҚШ президенті Джо Байден 18 наурызда Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлеседі. Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ Қытайға Ресейге әскери көмек бермеу жөнінде құлаққағыс етеді.

«Президент Байден ертең президент Симен сөйлесіп, Қытайға Ресей басқыншылығын қолдаған кез келген әрекеті үшін жауапты болатынын және оның салдарын анықтаудан бас тартпайтындығымызды айқын жеткізеді» деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 17 наурызда өткен брифинг кезінде.

Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің айтуынша, Байден мен Си екі ел арасындағы экономикалық бәсекелестік мәселесін де талқылайды.

«Бұл АҚШ пен Қытай арасында ашық қарым-қатынас орнату талпынысының бір бөлшегі» деп жазылған Ақ үй хабарламасында.

«Екі ел басшысы екі мемлекет арасындағы бәсекелестік, сонымен бірге Ресейдің Украинаға соғыс ашуы және екі жақты толғандыратын өзге де мәселелерді талқылайды» деді ол.

Байден мен Си арасындағы телефон әңгіме 14 наурызда Римде Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мен Қытайдың сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Ян Цзечи арасындағы «күрделі» кездесуден кейін белгіленген.

azattyq.org

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.