Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ Украинаға әскерін жібермейтін болды

0 210

АҚШ Президенті Джо Байден соғыс басталған жағдайда Украинаға Америка әскерін жібермейтінін мәлімдеді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дегенмен ол Америка Құрама Штаттарының НАТО-ның ұжымдық қорғаныс қағидатын ұстанатынын айтты. Қолдау шарасы ретінде ол Украинаға жабдықтар мен қару-жарақ жіберуге уәде берді.

«Мен АҚШ әскери күштерін Украинаға соғысуға жібермесем де, украиналық әскерилерге өздерін қорғауға көмектесетін техниканы жеткіземін. Сонымен қатар біз оларға түрлі кеңес беріп, барлық барлау мәліметтерімен бөлісіп жатырмыз. АҚШ НАТО аумағының әр сантиметрін қорғайды. НАТО елдерінің біріне жасалған шабуыл – альянсқа жасалған шабуыл», – деді Байден.

Бұған дейін Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Шығыс Еуропаға жіберілген АҚШ әскерлері Украинадағы қақтығысқа қатыспайды деп мәлімдеген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.