Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ-та жол талғамайтын көлік шеруге шыққан бір топ адамды қағып өтті

0 188

АҚШ-та Уокешо қаласында Рождество шеруінде жол талғамайтын көлік бір топ адамды қағып кетті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде жарияланған кадрларда қызыл жол талғамайтын көлік шеруге жабылған жолда асқан жылдамдықпен шеруге қатысушыларға қарай жүріп келе жатқаны көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 30 адам зардап шеккен және кем дегенде бір адам қаза тапқаны айталған.

Бұл апат па, әлде жоспарланған шабуыл ма, әзірге белгісіз.

Бұған дейін Техас штатындағы Эль Пасо округіндегі ипподромда жарыс кезінде жарыс көлігі жиналған көрермендерді қағып кеткен болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.