Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақсақал алғашқылардың бірі болып дауыс берді

0 977

Бүгін елімізде республикалық референдум өтуде. Тараз қаласындағы №75 дауыс беру учаскесіне 81 жастағы Жарасқан Жылқыбаев келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
– Осы жасқа келгенше еліміздегі қаншама өзгерістерге куә болдым. Солардың ешқайсынан шет қалып көрген емеспін. Бұл жолы да өз таңдауымды жасадым. Біз секілді қариялар бірінші болып үлгі көрсетсе, жастар да соған қарап бой түзейді. Президентіміздің ел игілігі жолындағы әрбір бастамасын қолдаймын. Бастысы Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын. Одан асқан бақыт жоқ, – дейді қария.
Ақсақалға референдум комиссиясы бағалы сыйлық тарту етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.