Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде бруцеллез ауруының өршуіне байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі Петровка ауылында ұсақ малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», – делінген жергілікті әкімдіктің хабарламасында. Құжат күшіне енді.
Бруцеллез – жануарлардан адамға берілетін, адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын зоонозды инфекция.