Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында тұрғын 71 жастағы анасын ұрып тастаған

0 259

Ақмола облысындағы Аршалы ауданында 31 жастағы ер адам 71 жастағы анасын ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 тамызда аудандық аурухана қызметкерлері полиция бөліміне қабылдау бөліміне егде жастағы әйелдің жүгінгені туралы мәлімдеген. Зейнеткерге төбе аймағының соғылған жарақаты, оң жақтағы 9,10-қабырғалардың жабық сынуы диагнозы қойылған.

Тергеу кезінде зейнеткердің 31 жастағы ұлы отбасылық жанжал кезінде анасын соққыға жыққаны анықталған.

Аршалы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.