Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында екі балаға ыс тиіп, қайтыс болды

0 129

Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Жақсы ауданының Жаңа Қима кентінде екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Қараусыз қалған 2019 және 2017 жылы туған екі бала сіріңкемен ойнап, салдарынан жиһаз өртеніп кеткен.

«Түтінді көрген көрші терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Түтіннен уланған балалар Қима ауылдық ауруханасына дереу жеткізілгенмен медициналық мекемеде есін жимастан көз жұмды», – делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы аз уақытқа дүкенге кеткені белгілі болды. Өрттің шығуына балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.