Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ақ көйлек киген, көк көйлек киген» әніне жұлқына билеген әже желіні жарды

0 1  295

Ғаламтордың қарыштап дамыған заманында желі жұлдызына айналу әп-сәтте. Дәл қазір интернет тұтынушылары танымал хит әнге жастармен жарыса билеген әженің әрекетін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға зер салсақ, әлгі әже бір топ қыз-жігітпен тойда «Ақ көйлек киген, көк көйлек киген» әніне жұлқына билеп, бірден жұрттың назарына іліккен. Аталған бейнежазба аздаған уақыт ішінде Tiktok-та 800 мыңға жуық қаралым жинапты. Ерекше қимылдарымен қазнетте хитке айналған зейнеткерді сол салтанатты кешке келген меймандардың бірі таспаға тартып, жеке парақшасына жариялаған екен.

Апа трендте, — деп жазған видео авторы.

 

Егде жастағы әйел адамның мұндай би қимылдарын көрген көпшілік түрлі пікір жазыпты. Олардың бір тобы биші әжені мақтаса, енді бір легі сынап тастаған.

«Үлкен адамға ұят екен, ерсі көрінеді», «Кәрі құтан құтырса жаман болады» деуші еді. Кемпір-шалдарға шошаңдап не жоқ?», «Ұят ештеңесі жоқ. Өзіне қарайтын уақыт. Балаларын өсірді, жеткізді. Позитивті әже», «Жарасып тұр. Өмір екі айналып келмейді»— деп жазды желі қолданушылары.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.