Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақботаға сөз салған актер Шерхан Пірназардың отбасы бары белгілі болды

0 490

Шерхан Пірназар мен Ақбота Сейтмағамбеттің махаббат хикаясы арзан хайп па? Әншіге сөз салған актер жігіттің өз отбасы бары белгілі болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақбота Сейтмағамбет пен Шерхан Пірназардың махаббат хикаясы ел аузында сөз болды. Әріптесі, актер, тележүргізуші Шерхан Пірназар Ақботаға көңілін білдіріп, сөз салды. Ал әнші оның сақинасын таққанымен жауабын айтқан жоқ.

Желі қолданушылары мен көрермендер қызу талқыға алды. Бірі мұны хайп десе, енді бірі жарасымды жұп деп мақтады.

Ал енді бірі актердің өз отбасы бар екенін айтып жатыр. Олар актердің Айжан есімді жары, Әдемі есімді қызы барын алға тартты. Актер желіде қызына арнау жазып,  туған күнімен құттықтады.

“Уақыт – ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ, қызым, өміріңнің шуақты күндері көп болсын. Аңсаған арманына тек бақытпен жет”, – деп жазды Шерхан  желіде қызымен түскен суретін жариялай отырып.

“Арзан хайп секілді”, “Жалпы бұларға осындай хайп жараспас еді, отандық телеарнаның деңгейі солай түсіп кеткен бе?”, “Мүмкін шын шығар, әлі жауап айтылған жоқ”, “Ақбота тағы бір отбасын бұзып жүрмесін”, “Бәрі бақытты болса екен”, “Арзан әзіл екені көрініп тұр ғой”, – деп жазды желідегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.