Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақан Сатаев 25 жыл отасқан жарымен неге ажырасқанын айтты

0 1  343

Ақан Сатаев алғаш рет жұбайы Назира Бақаевамен не себепті ажырасқанын айтты. Танымал режиссер балаларының ажырасуға көзқарасы, қазіргі махаббаты жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақан Сатаев пен Назира Бақаева 1992 жылы «Аллажар» фильмінің түсірілімінде танысқан. Бір-бірін ұнатып, біраз уақыт қыз-жігіт болып кездескен екеуі отау құруға бел буған. Бүгінде ортақ некеден туған 5 бала бар.
Алайда 25 жылдық неке мен балалар ажырасуға еш кедергі болмады. Сатаевтың айтуынша, бұл екі жақтың келісімімен болған шешім.

«Ажырасуда ешқандай жақсылық жоқ. Бірақ өмір – қиын дүние болып шықты. Кейде ажырасудан басқа жол болмайды. Солай болып қалды.
Бірақ Назира екеуміз бұл сұраққа ересектер сияқты қарадық. Ұрыс-керіс, жанжал деген болған жоқ. Сөйлестік, барлығын таразыға салдық.
Мұны балаларымызбен де ақылдастық. Екеуміз айырылысқаннан, Назира – ана, мен – әке болудан қалған жоқпын ғой. Оны ойласып, ақылдастық. Қазір сол келісімнің аясында өмір сүріп келеміз», – деді Сатаев.

Сатаев жұбайымен екіге кеткеннен кейін, Instagram-да пост жариялады. Режиссер мұны қауесеттің алдын алу үшін жасағанын айтады. Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. – Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? – деген сауалға Сатаев:

«Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады», – деді.

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес.

«Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты», – деді ол.

Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.