Қай заманда да ұрпақ тәрбиесі – ел болашағының кепілі. Жас ұрпақтың жақсы білім алып, сапалы тәрбие көруіне қолдау білдіру кең жүректі жандардың ғана қолынан келеді.
Осындай игі істің алдыңғы қатарында үнемі жүретін азаматтардың бірі – «Н.Т.Жеңіс» шаруа қожалығының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Нұрбаев Жеңіс Тұрсынханұлы.
Жеңіс Тұрсынханұлы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте білім алатын 7 оқушыға қаржылай демеушілік жасап, оларға толықтай мектеп формасы, спорттық киімдер, аяқ киім мен оқу құралдарын,сөмкелер тарту етті. Бұл тек материалдық көмек ғана емес, балаларға деген шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың белгісі екені сөзсіз. Ата-аналар мен мектеп ұжымы да кәсіпкердің бұл игі ісіне риясыз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар №3 аумақтық округтің бас инспекторы Гүлдерайым Асқарова да екі оқушыға демеушілік көрсетіп, жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын әперіп, қаржылай көмек берді.
Мектеп өміріне белсенді араласып, үнемі қолдау білдіріп жүрген осындай жаны жомарт азаматтарымызға алғысымыз шексіз.
Қайырымдылық — жүректен туған іс. Осындай жақсы жандардың арқасында балалар жаңа оқу жылын қуанышпен бастады.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектептің әкімшілігі,
Байзақ ауданы