Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшіліктік тыңдауының хаттамасы
Тараз қаласы 15 тамыз 2025 жыл
сағат 16.00
Төрағалық етуші: М.Жұманқұлов
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы.» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшіліктік тыңдауы ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының жетекшісі:
| М.Жұманқұлов | – заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
| Ж.Қасымбеков | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| Э.Абдинова | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| К.Шилібек | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| Ә.Даулетбаева | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| М.Бердалиев | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| Е.Далабай | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
Шақырылғандар:
Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы.
Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызының баяндамасы тыңдалды.
Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы ұсыныс:
Уездный 2 көшесін Үмбетқұл Жиенбаев көшесіне.
Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.
Қолдағандар – 7. Қарсы – жоқ. Қалыс – жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көпшіліктік тыңдау бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
- Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы мәселе, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Жұмыс тобының жетекшісі: М.Жұманқұлов
Жұмыс тобының мүшелері:
| Ж.Қасымбеков |
| Э.Абдинова |
| К.Шилібек |
| Ә.Даулетбаева |
| М.Бердалиев |
| Е.Далабай |
Жұмыс тобының хатшысы: А.Байтенова