Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиынына аттанды

0 737

Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскери міндеттілерді оқу-жаттығу жиынына шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Парида Мамедова мен сала ардагерлері арнайы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Әскери міндеттілердің дайындығын шыңдау және заманауи техникалар мен қару-жарақ түрлерін таныстыруды мақсат еткен оқу-жаттығу жиынына облысымыздың 200-ге жуық тұрғыны аттанды. Олардың қатарында әскери қызметтен өткен, Қарулы Күштер сапында Отан алдындағы борыштарын өтеген немесе әскери кафедрада білім алған азаматтар бар. Енді олар бір ай бойы Қордай ауданы, Отар полигонында орналасқан 22/326 әскери бөлімінде оқу-жаттығу жиынына қатысып, теориялық және практикалық білімдерін жетілдіріп, тактикалық арнайы дайындықтан өтеді.
Жиын қорытындысы бойынша сынақтар өткізіліп, оның нәтижелеріне сәйкес бағдарламаны сәтті меңгерген әскери міндеттілерге түрлі дәрежедегі әскери шендер берілетін болады.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.