Тараз қаласы жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтері бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары (ары қарай – ЖАО) 49 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 5 қызмет (10 %);
– электронды түрде – 44 қызмет (90 %).
2025 жылдың ІІ тоқсанында ЖАО қала бойынша 13 766 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 13 388 қызмет (97,2 %);
– қағаз түрінде – 378 қызмет (2,7 %).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 803 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 434 түсіндірме шарасын жүргізді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, ІІ тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінде 2025 жылдың 9-20 маусым аралығында ішкі бақылау шаралары жүргізілді.
А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесінің басшысы