Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ардагерлерге құрмет толастамайды

0 305

Ұрпаққа өнеге, елге қорған болған ардагерлер – халқымыздың асыл қазынасы. Олар от пен оқтың арасынан аман өтіп, бейбіт өмірге жетуімізге жол ашты. Тәуелсіз еліміздің әр жетістігі солардың жанқиярлық ерлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі екені даусыз.

Өкініштісі сол, майдангерлердің қатары жыл өткен сайын азайып барады. Бүгінде көне шаһарда небәрі 5 ардагер ғана тұрмыс кешуде. Олардың ерлігі мен есімін өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу – баршаға ортақ парыз. Осы мақсатта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты шеру өтті.
Шара барысында ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің оркестрі мен сарбаздары майдангерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекеге орай сый-құрмет көрсетті. Ардагерлер де өз кезегінде жас жауынгерлерге ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.