Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кешенді іс-шаралар өтті

0 422
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Журналистика және филология» кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к. Т.Ә. Мұқашев, А.М. Мұқашева, А.Ж. Иматаева және Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 кітапхана ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Тарих. Тағзым. Тағылым» атты кешенді іс-шаралар өтті.
Іс-шаралар аясында бірнеше тағылымды кездесу ұйымдастырылды:
1.Тағылымды кездесу
Жамбыл облыстық музейіне қарасты Даңқ залында өткен кездесуде Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы оқырмандар мен студенттер талқысына түсті.
2.Бауыржантану: ұлттық рух пен ерлік мектебі
Бауыржантанушылар Ә. Найзабаев, Б. Момынқұл және Т.Ә. Мұқашевтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде батырдың өмірі мен ерлігі жайлы мазмұнды әңгімелер өрбіді.
3.“Москва үшін шайқас – ерлік өнегесі” сахналық қойылымы
Кітапханалық-ақпараттық орталық пен №1 оқу залының ұйымдастыруымен өткен сахналық қойылым көрерменге ерекше әсер қалдырды.
4.«Жеңіс рухы – жүректерде» атты экскурсия
«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы мен Даңқ залы қызметкерлері студенттерге арналған мазмұнды экскурсия ұйымдастырды.
5.“Ел қорғаған ерге мың тағзым”
Ұйымдастырушылар мен қатысушылар Жеңіс саябағындағы Б. Момышұлы ескерткішіне тағзым етіп, «Даңқ лентасын» тағып, гүл шоқтарын қойды.
6.“Жырмен жаңғырған ерлік” поэзия кеші
Ашық аспан астында өткен қайсар рухты поэзия кеші студенттерге патриоттық рух сыйлап, ерекше әсерге бөледі.
Патриоттық тәрбие мен тарихи сананы арттыруды көздеген бұл кешенді іс-шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын табады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.