Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды

0 91

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Әлеуметтік нысан Тараз қаласы Құмшағал тұрғын алқабында орналасқан.

Орталық ғимараты 1975 жылы пайдалануға берілген, 2 қабатты. Биыл күрделі жөндеу жүргізіліп, балалардың игілігіне тапсырылып отыр. Құрылыс жұмыстары 6 айда аяқталды.

Мұнда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, домбыра, бейнелеу өнері, қолөнер, вокал, би, робототехника, театр, шахмат, таэквандо сынды үйірмелер бар.

– Бұл ғимаратта балаларымыз білім алды. 2016 жылы жаңа мектеп қолданысқа беріліп, ұл-қыздарымыз сонда ауысты. Әкімдік бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдаланып, замануи орталық ашып отыр. Енді балаларымыз телефонға телмірмей, бос уақытын тиімді өткізетініне сенімдіміз! – дейді Тараз қаласының тұрғыны Хансұлу Исабаева.

Ербол Қарашөкеев ғимарат ішін толық аралап, бүлдіршіндердің өнері мен олардың дайындаған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Ол тұрғын алқаптағы барлық балаға орталықтың қолжетімді болуын ескертіп, алдағы уақытта сұранысқа сай үйірмелердің санын арттыруды тапсырды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 78 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.