Махкам ОРИФОВ,
Жамбыл облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы
Тәуелсіздік – елдің еркіндігі, бастың бостандығы. Біздің еліміз Тәуелсіздігін алу жолында сан сынақтан, аумалы-төкпелі дәуірден өтті. Талай боздақтарымыз ел үшін, Тәуелсіздік үшін бастарын қатерге тігіп, жандарын қиды. Тарих беттерінде алтын әріптермен таңбаланатын айтулы оқиғаның орын алғанына биыл 33 жыл толуда. Дәл сол күннен бастап көгімізде тәуелсіздіктің көк туы желбіреп тұр. Азды-көпті осы жылдарда Қазақстан қарыштап дамып келеді. Береке мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың арқасында әлем танып отырған іргелі мемлекетке айналдық.Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша.Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізді мақтан тұтамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Құрметті жерлестер,сіздерді осынау ұлық мереке – Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берікбабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтардыайрықшамерекемізбен құттықтағым келеді.
Ұлы қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!