Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді

0 59

Бүгін Мойынқұм ауданы Хантау ауылына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады. 2024 жылғы 1 мамырда «Саламатты Қазақстан» пойызы» жобасы басталды. Жобаны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» АҚ жүзеге асырады.

Оның негізгі мақсаты – шалғай аудандар мен елді мекендерде тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсету.

Барлық өңірлердің 140 шалғай станциясының кемінде 90 000 тұрғынын қамту жоспарлануда.

Салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, Хантау ауылының аналар кеңесінің төрайымы Қ.Б.Туешиева сөз сөйлеп, дәрігерлерге алғыс білдірді. Өз кезегінде пойыздың бас дәрігері А.Қ.Егінбаева тұрғындарға қандай қызметтер көрсетілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, пойызда заңгер әрі медиатор маман Ш.Ағзанбаева да сөз алып, жұртшылыққа кез келген заң тұрғысынан қиындықтар болған жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тегін медициналық көмектер хирург, педиатр, психолог, неврапотолог, ультрадыбыстық диагностика, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, ЭКГ, ЛОР, офтальмолог, онколог-мамолог, гинеколог және уролог қызметтері мен заңгерлік көмектер көрсетіледі.

Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтары, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер көрсетіледі.

Медициналық поездің станцияларда тұру мерзімі

21-22 қараша Хантау станциясы

23 қараша Қияхты станциясы

24 қараша Бурылбайтал станциясы

25-26 қараша Шығанақ станциясы

27-28 қараша Мыңарал станциясы

Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09:00-18:30 (түскі үзіліс: сағат 13:00-14:00) аралығында екенін хабарлаймыз.

Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты medpoezd.kz сайтынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.