Қалалық қоғамдық-саяси газет

Діни бірлестіктермен байланыс берік

0 273

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, әуелі «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің басшысы Шарапат Сүйімқұл «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық денгейін арттыру, дәстүрлі діни-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны іске асыру барысы туралы баяндады.
Келесі кезекте қала әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстардың ұйымдастырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар басқосудың өзге де қатысушылары тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сауалдарын жолдады.
Кеңесті қорытындылаған Қайрат Әбілханұлы діни бірлестіктермен байланысты күшейтіп, жастардың жат ағымға еруіне тосқауыл қою бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін жеткізді. Жиын соңында кеңес ұйғарымының жобасы қабылданды.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.