Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазына қаржысы – қатаң бақылауда

0 1  394

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес, 2024 жылдың 9 айында тиісті жұмыстарын атқарды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде департамент 55 аудиторлық іс-шара жүргізді. Оның тізбеге алтауы сәйкес болса, жоспардан тысы – 49.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша, жалпы сомасы 65 071,0 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылық болып саналатын 245,7 млн теңгесі бюджетке өтелуге, 1 571,8 млн теңге қалпына келтіруге жатады. Ал 58 038,7 млн теңгесі – бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде, 40 лауазымды тұлға – тәртіптік жауапкершілікке, 34 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18,8 млн теңге бюджетке толығымен өтелді. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарына 1 440,5 млн теңге сомасымен 4 материал берілген.
Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі немесе 57 558,1 млн теңге мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша тіркелген. Олардың ішінде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 58 040,1 млн теңгені, жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 881,6 млн теңгені, мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 785,6 млн теңгені, орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу 148,9 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар департамент 23 138 мемлекеттік сатып алуға (лот) камералдық бақылау жүргізіліп, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 5 581 хабарлама жіберілген.
Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақытылы және тиісінше орындамағаны үшін ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 35 хат, 49 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, соттың қарауына жолданды.

Рахымжан Дильдаев,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.