Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жемқорлық – қауіпті құбылыс

0 67

Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Ол ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Бұл келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау – осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Оның жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіні күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күрес саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды еңбекқорлыққа, қанағатшылдыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс-әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуға тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз.

Ақмарал ҚҰРМАНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.