Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент Катонқарағай мен Кендірліге әуе қатынасын реттеуді тапсырды

0 101

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында туристік әлеуеті зор шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту туралы нақты тапсырмалар берді.

«Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет. Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасау керек. Ішкі әуе бағдарларын дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны сақтау маңызды екенін ескертті.

«Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды. Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек. Өнеркәсіпті дамыту қорының есебінен кіші авиация ұшақтарын алған жөн», – деді Президент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.