Қалалық қоғамдық-саяси газет

Брайль қарпіндегі туындылар оқырманға жол тартты

0 559

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың мерейтойына орай «Қар астындағы жауқазын» туындысының аудио-үнтаспасымен қатар нүктелі-бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесер рәсімін өткізді.

«Мен сол кезді аңсаймын» деп аталатын әдеби кеште ақынның танымал «Мені ойлап қам жемеші, мама» атты әніне заманауи үлгідегі көлеңкелі көрініс көрермендер назарына ұсынылып, ақынның таңдаулы өлеңдерінен поэзиялық композиция көрсетілді.
Әдеби шара барысында зиялы қауым өкілдері, жергілікті қаламгерлер, әріптестері мен оқырмандар «Ақынға 100 сұрақ» форматымен түрлі көкейкесті сауалдарын қою арқылы қаламгерімізді жан-жақты қырынан тануға мүмкіндік алды. Ұлттық ұстаным, өлең құдіреті жайлы айтылған рухани кездесу еркін форматта өткізілді.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.