Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тартысқа толы турнир

0 3  254

Бұқаралық спортты дамыту – мемлекетіміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған әрбір Жолдауында бұл мәселеге айрықша ден қойып келеді. Осы бағытта Тараз қаласында да ілкімді істер қолға алынуда.
Айталық, жуырда Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы мен «Altec» компаниясының бірлесе ұйымдастыруымен оқушылар арасында кіші футболдан турнир өтті.
Балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және бұқаралық спортты насихаттауды мақсат тұтқан турнир тартысқа толы болды.
Жарыс нәтижесінде Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия І орынды, №3 мектеп-лицей ІІ орынды, №47 орта мектеп ІІІ орынды еншіледі.
Турнирге жалпы саны 13 мектептен 100-ге жуық оқушы қатысты.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.