Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызмет әрдайым қолжетімді

0 1  832

Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің «Сервистік әкімдік» кеңсесі арқылы жер қатынастары мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау. Сонымен қатар тұрғындардың уақытын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуы.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жер қатынастары саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айыларында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 12 986-ны құрады, оның iшiнде 12 264 өтініш «еGov» және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде, 722 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қолжетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратты стенд орналастырылған (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.).
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынас- тары бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында, Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің парақшасындағы «Мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заман талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:
Жергілікті «Jambyl-Taraz» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты бірқатар мақалалар және көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесі басшысының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді.
Сонымен қатар көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер бойынша хабарландырулар, тікелей эфирлер бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларында үнемі жариялануда.

Темірхан АЙМЕНОВ,
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.