Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда жойқын желдің салдары жойылуда

0 372

Кешелі бері табиғат тосын мінез танытып, қатты жел тараздықтарды біраз әбігерге салды. Салдарынан бірқатар нысанға зақым келіп, тал-теректер құлап, электр сымдары үзілді. Кейбір көшелерде бағдаршамдар істен шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Дегенмен, облыс орталығында желден кейінгі қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде.
Айталық, қатты желдің кесірінен шаһарда 50-ден аса тал құлаған. Қалпына келтіру жұмыстарына «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің 130 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылып, көшелер күл-қоқыстан, сынған бұтақтардан тазартылуда.
Бұған қоса, электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарымен 12 бригада айналысуда. Бұл жұмыстарға 46 маман мен 14 техника тартылды. Бүгінгі күні электр қуатынан ажыраған алқаптарға толығымен жарық берілді. Кейбір көшедегі үйлерде ішінара жарық жоқ, бірақ бұл ақауларды да жою бойынша жұмыс жалғасуда.
Ал, істен шыққан 15 бағдаршам бойынша «СтройМонтажGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үш бригадасы күндіз-түні жұмыс атқарып, тиісті ақаулықтарды жойды. Дегенмен, үш көшедегі бағдаршамды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жүруде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.