Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзинмен өткен жылы қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы сұхбаттастық.
– Арманбек Хакімбекұлы, 2023 жылды қорытындылай келе, биылғы жылдың басымдықтарына тоқталсаңыз.
– Алдымен, Сізді Жаңа жылмен құттықтауға рұқсат етіңiз. Сiздерге шығармашылық табыс пен оқырмандарыңыздың көп болуына тілектестігiмдi білдіремін. Ал сұрағыңызға келетін болсақ, жыл сайын өзгеретін жағдайларға қарамастан, біздің бір ғана түпкі мақсатымыз–қылмыстың алдын алу және оған қарсы күресу, жедел-іздестіру және профилактикалық қызметтің сапасын жақсарту болып қала береді. Біздің департамент туралы айтқанда, бұл – біртұтас, мобильді және техникалық жабдықталған құрылым екенін түсіну қажет.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 8,3%-ға төмендесе, 2023 жылы төмендеу 15%-ды құрады.
Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны – 19,4%-ға азайды, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар (19%-ға), мас күйінде жасалған (8,6%-ға), кәмелетке толмағандармен орын алған (28,1%-ға), адамдар тобымен (13%-ға), қару қолданумен (53%-ға) жасалған қылмыстар төмендеді.
Адам өлтіру, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, тонау, бұзақылық, ұрлық және оның ең көп таралған түрлері:пәтер ұрлығы, қалта, ұялы телефон, мал ұрлықтарына қатысты қылмыстарды ашу деңгейі артты. Қысқаша айтсақ, көрсеткіштер қылмыстық жағдайдың тұрақтылығын білдіреді.
Осындай қарқынмен әрі қарай жұмыс істейтін боламыз. ҚР Ішкі істер министрі проблемалық-бағдарланған тәсілді енгізе отырып, қылмыстың алдын алудың толыққанды жүйесін қалыптастыру міндетін қойды. Қазір азаматтармен ашық қарым-қатынасқа, қызметкерлердің жеке дамуына, меритократия қағидатын нығайтуға және жеке құрам арасында моральдық-психологиялық ахуалды арттыруға баса назар аударылуда.
– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарына жаңа технологияларды және цифрландыруды енгізу қандай өзгерістер әкелді?
– Біз полиция қызметін цифрландыруды кезең-кезеңімен дамытып жатырмыз. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді.
Біздің департамент озық технологиялармен жабдықталған. Мысалы, ПД Жедел басқару орталығында қызметкерлердің күнделікті жұмысына көмектесетін аналитика функциясы бар «Брифкам» бағдарламасы орнатылған.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолында автоматты режимде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 25 экипаж патрульдейді.
Бүгінгі таңда апаттар жиі болатын республикалық трассалардың учаскелерінде»Автоураганның» 22 данасы орнатылды, 25 «Арқан» және «АвтоСканнар» мобильдік кешені жұмылдырылды, ал қалада «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені 48 бекетте орнатылды. Облыс бойынша жол қауіпсіздігін бақылау үшін жалпы 420 камера пайдаланылады. Сондай-ақ, қалалық патрульдік полиция батальонына 25 электромобиль алынды. Электромобильмашиналарын сатып алу – бұл уақыт талабы және ең бастысы біздің экологияға ұқыпты қарау болып табылады. Техникалық қызмет көрсету бойынша есептеу барысындаәрбір электромобильден600 мың теңге бюджет қаражатының үнемделуі болды. Бұл автокөліктің жанар-жағармаймен жүрмеуіне, ішкі жану қозғалтқышының және басқа да құрылымдық ерекшеліктердің болмауына байланысты қосымша жөндеулер мен шығындар қажет емес. Сондай-ақ, тағы бір артықшылығы қашқан көліктерді қуғанда жылдамдықты тез арттыра алатындығы болып тұр.
Біз облыстың автожолдарында жол-көлік оқиғаларын 16,6%-ға, зардап шеккендер санын – 13,5%-ға, қаза тапқандар санын -1,4%-ға төмендете алдық. Бірақ, көрсеткіштердің төмендегеніне қарамастан, шындығына келгенде біз қуана алмаймыз. Өйткені, әрбір санның артында адамдардың өмірі мен тағдыры тұр. Әрбір жол апаты – қаншама отбасылар үшін орны толмас қайғы.
Бүгінде кейбір отбасыларда бірнеше автокөлік бар. Көптеген ата-аналар балаларына көлік сатып әпереді, алайда көлік жүргізу мәдениетіне тәрбиелеудi назарға алмайды. Ең бастысы, оларға тек өздері үшін ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқақатысушылары үшін де жауапкершілікте болу сезімін ояту керек. Өйткеніережелерді сақтамау – үлкен қауіптің бірі болып табылады және қайғылы жағдайларға әкеп соғады. Жылдың жылы мезгілдерінде электросамокаттар мен скутерлералаңдатушылық туғызады. Жастар жол қозғалысы ережелерін сақтамай, қаланың және облыстың автожолдарымен өздеріне және басқаларға қауіп-қатер төндіре отырып жүреді. Нәтижесінде, бір жыл ішінде жаяу жүргіншілерді соғып кетудің 383 дерегі тіркелген.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдан өту ережелерін жиі бұзады. Азаматтар, балалары бар ересек адамдар бұзушылық жасап, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтетін жағдайлар көптеп кездеседі. Біз балаларға үлгі болу керекпiз. Оларды ережелерге сәйкес өтуге үйрету керек. Біз балаларға қандай үлгі көрсетеміз, егер жас аналардың өздері кішкентай балаларын арнайы креслосыз алдыңғы орындыққа отырғызып, не қауіпсіздік белдігін бекітпей, әрі көлік құралын басқара отырып, телефонмен сөйлесетін болса?!
Жалпы, бүгінгі кездесуіміз облыстың полициясы мен халық арасындағы диалог үшін жақсы көпір болып табылады. Мен автокөлік жүргізушілерін, сондай-ақ барша азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын және ештен кеш жақсы демекші, оларды үйде күтіп отырған жақындары бар екенін еске салғым келеді.
Цифрландыру туралы айтатын болсақ, киберқылмыспен күрес жөніндегі жұмысқа қысқаша тоқталғым келеді. Қылмыскерлер өздерінің алаяқтық схемаларын әр уақытта жетілдіріп отыратындығын ескере отырып, ІІМ «Киберпол» пилоттық жобасын іске қосты. Оның шеңберінде департаментте өңір тұрғындарын интернет-алаяқтардың айлаларынан хабардар ету, ескерту және қорғау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Киберпол» бөлімшесі жүргізген арнайы операциялардың қорытындысы бойынша 61 кәсіби алаяқ ұсталды, оның ішінде 28-i басқа өңірлердің тұрғындары, өзге өңірлерден 226 «дроппер» анықталды, олар арқылы алаяқтық схемаларын ұйымдастырушылар анықталуда. 2023 жылдың басынан бері барлығы 211 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді.
Полиция қызметкерлерiмен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың ауқымына қарамастан, алаяқтардың қарапайым азаматтарды алдап кетуi тыйылмай тұр. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде көтеріліп, халық үшін «Алаяқтар» («Мошенники») атты фильм шығарылды. Фильмде алаяқтардың іс-қимыл схемалары өте дәл көрсетiлген. Департамент бұл бағытта да жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік желіге осы мазмұнда 45 бейнеролик дайындалып, 110 мың жадынама мен буклеттершығарылды, аталған бейнематериалдар біздің облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін аумақтағы үйлердің чаттарына, мессенджерлергетаратылды. Бұл бағыттағы жұмыс 2024 жылы да күшейтілетін болады.
– Жамбыл облысы туралы айтатын болсақ, әйгілі «Шу алқабын» айналып өте алмаймыз.
– Иә, өкінішке орай, Шу алқабы көптеген жылдар бойы өзекті мәселеболып қалуда. Бұл бағытта біз азаматтық белсенділермен және ғылыми қоғаммен тығыз жұмыс жасап, күрес стратегиясы мен тактикасын арттырудамыз. Көптеген жылдардан бері алғаш рет Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Е.Бадаевпен және экономика ғылымдарының кандидаты С.Құлмановпен бірлесіп гербицидтерді пайдалана отырып, қарасораны тиімді жоюды зерттеу мәселелері пысықталды.1989 жылғы есептеулер бойыншажабайы қарасораның өсуi 138 мың гектардан астам жерді құрайды,содан бері,яғни КСРО кезінен берізерттеулер жүргізілмеген. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2023 жылы зерттеулер жүргізіліп, нәтижелері бойынша өсуауданы 62 мың гектарды құрады.
Департаментпен есірткі құралдарын дайындау, тасымалдау және өткізудің жолын кесу бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. 2023 жылы 562 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, 5 тонна 837 келi есірткі тәркіленді, 2022 жылмен салыстырғанда заңсыз айналымнан 2 тонна 242 келігеартық есірткі заттары тәркіленді (2022ж. –3тн 594кг, 2023ж. –5 тн 837 кг).
Полиция департаментінің базасында «НаркоШектеуТараз» телеграмм ботыіске қосылды, жұмыс істеген сәттен бастап (10.07.2023 ж.) 1587 хабарлама келіп түсті. Оның 1388-і интернет кеңістігінде орналасқан сайттар бойынша. Аталған сайттардың 922-сi бұғатталды және 466-сына қатысты бұғаттау жүргiзiлуде.
– Қазiргi қоғамда отбасылық-тұрмыстық қатынастар өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Бұл жөнiнде не айтасыз?
– Дұрыс айтасыз, қазір бұл тақырып белсенді талқылануда және ІІО жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Өткен жылы осындай 47 қылмыс анықталды, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 38 дерек болған, статистикалық тұрғыдан біз тіркеудің 23,7%-ға өскенін байқадық. Бірақ іс жүзінде бұл өсім осы қылмыстардың барлығы өзіміз анықтағандары ғана десек болады. Бiзге белгісiз қаншама жағдайлар болып жатқанын кiм бiлсiн?!
Полицейлер құқық бұзушыларды анықтап қана қоймай, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында оны жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды да анықтайды. Қабылданған шаралармен ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 1670 адам, ҚР ӘҚБтК-нiң461-бабы бойынша (қорғау нұсқамасын бұзу) 160 адам жауапқа тартылды (2022ж.-129), оның 74-і әкімшілік қамауға алынды.
Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды орындамағаны үшін 98 адам (2022-102) ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2023 жылы дағдарыс орталықтарына 165 бала мен 68 әйел орналастырылды. «Ана үйі» орталығына баласы бар 23 әйел жіберілді.
Отбасындағы жағдайдың бала тәрбиесіне де бiрiншi кезекте әсер ететінi белгілі. Осыған орай, өткен жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жүргізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде полиция бөлімдеріне 7602 жасөспірім жеткізiлді. Бұл ата-аналардың балаларына тиісті көңіл бөлмеуi және оларды бақылаусыз қалдыруын көрсетеді. Кәмелетке толмағандар өздерініңмәселелерін туыстары мен жақындарына қарағанда біздің ювеналдық полиция қызметкерлеріне көбірек сенетін жағдайлар жиі кездеседі.
– Сөз соңында, мен полиция мен халықтың сенімді қарым-қатынасы тақырыбына тоқталсам деп едiм.
– Бұл жерде мен полицияның сервистік моделінің рөлін атап өткім келеді. Оның негізгі мақсаты сапалы қызмет көрсету және халықпен сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады. Осы бағдарламаны іске асыру аясындамен және қалалық-аудандық полиция бөлімдері бастықтары азаматтармен тұрақты түрде қабылдау өткіземiз. Өткен жылы мен 423 азаматты, ал аудандық полиция бөлімдерінің басшылары 1329 азаматты қабылдады. Тұрғындардың өтініштерiнің басым бөлігі заң аясында оң шешімдерін тапты. Бұл кездесулер полиция жұмысына қатысты сынға уақытында жауап беруге және кемшіліктерді жоюға көмектеседі.
– Құрметті Арманбек Хакімбекұлы, қызықты әңгіме үшін алғыс айтамын. Сізге және барлық полиция қызметкерлерінiң жұмысына сәттілік тілеймін.