Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өткеніміз – өнегелі, келешегіміз – кемел

0 754

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай-мын!
16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан қасиетті де қастерлі күн.
Біз тәуелсіздігіміздің тағы бір жаңа парақтарын ашар тұста азат ел екенімізді, өткеніміз өнегелі, келешегіміз кемел екендігін зор мақтанышпен айта аламыз. Өйткені мемлекетіміз осынау қысқа уақыт аралығында орасан жетістіктерге қол жеткізді. Ұлы мерекені ұлықтау ел болып еңсе тіктегенімізді көрсетеді. Қазақ үшін қандай да бір мереке болмасын оның бастауында Тәуелсіздік күні тұрады.
Ел Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Еңдеше, баршамыз еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында өз үлесімізді қосуымыз керек.
Қадірменді жерлестер!
Барша шаһар тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Кенжебек Олжабай,
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.