Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен кездесті

0 340

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев “Wuhan Top Resources Holdings Co., Ltd” компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Компания төрағасы Ли Вэй өздерінің қызметі туралы айтып, Жамбыл облысында бизнесті дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.
Тараптар тау-кен өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Облыс әкімі бүгінгі таңда өңірде жоғары технологияларды дамытуға қажетті әрі сұранысқа ие шикізаттың ауқымды қоры бар екенін атап өтті.
Ли Вэй мырза таза және заманауи өндірісті жолға қоюға, компания Жамбыл облысымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Алғашқы кезеңде инвестиция көлемі 110 миллион АҚШ долларын құрайды​ деп көзделуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.