Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалым атында аудитория ашылды

0 340

Технологиялық факультетте академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері – Әнуарбек Әймен атындағы аудитория ашылды.

Аудиторияның ашылуына Махметғали Сарыбеков, Асқар Абдуалы, Жүсіпбек Сүлейменов сынды құрметті қонақтар арнайы келіп, ғалымның оқу-білім жолында атқарған еңбегі мен университеттің дамуына қосқан үлесі туралы сөз қозғады.

Әнуарбек Талхаұлы Әймен 1953 жылы 17 қыркүйекте Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Өмірінің соңғы жылдары Технологиялық факультеттің деканы қызметін атқарды. Ғалым еңбек жолында 1 ғылым докторын, 12 ғылым кандидатын, 40 магистр мен 500-ден аса инженер даярлады. 430-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 23 монография және 15 оқу құралының авторы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.