Городская общественно-политическая газета

Ерен еңбек еленген күн

0 408

Республика күніне орай қала әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Басқосуда әуелі Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаев сөз алып, ізгі тілегін жеткізді.

– Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Мұның бәрі, біздің көп ғасырлық мемлекеттілігіміздің тарихындағы маңызды кезең, қазіргі жаңа Қазақстанның жарқын бастауы, – деді Нұрбол Бекежанұлы.

Бұдан кейін Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай сөз сөйлеп, жылы лебізін жолдады.

Келесі кезекте жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, ел дамуы жолында аянбай еңбек етуге серт берді.
Шара одан әрі марапаттау рәсіміне ұласты.

Айталық, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тұрар Жапаров, «Металлқұрылымдар және бактар зауыты» ЖШС-нің директоры Талас Ахметов, «Жамбыл су» мекемесінің бас инженері Шүкірғали Ахимов, өнер қайраткері, ұстаз Әуесбай Тоқбанбетов, «Бастау-Тараз» медициналық орталығының бас дәрігері Шолпан Иманбекова «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағына қол жеткізсе, шаһардың дамуына үлес қосқан өзге де азаматтар ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен, аталған министрліктің, Жамбыл облысы мен Тараз қаласы әкімдерінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.