Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда жылыту маусымы басталды

0 383

Таразда 12 қазаннан бастап барлық нысанға жылу беріле бастады.

Жалпы орташа ауа температурасы қатарынан 5 күн +8+10°С-тан төмен болған жағдайда жылыту маусымын бастауға болады. Алайда шаһар тұрғындарының талап-тілегі ескеріліп әрі түнгі мезгілдегі ауа райының салқындауына орай, Тараз қаласы әкімінің 2023 жылдың 4 қазанындағы №84-ө «2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы» өкімімен жылыту маусымына ертерек бастауға шешім қабылданған.
Бүгінде Тараз қаласы бойынша жалпы 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Олар: «Таразтрансэнерго» МКК, «Жамбыл Жылу» МКК, «Таразэнергоорталық» АҚ, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ, «София» ЖШс. Сондай-ақ «Жамбыл-Жылу» МКК-да 10 күнге жетерлік 342 тонна көмір, 390 тонна мазут, «Таразэнергоорталық» АҚ-да резервтік 5 күнге жетерлік 1 865,6 тонна мазут, «Таразтрансэнерго» МКК-да резервтік 5 күнге жетерлік 10 тонна көмір, «София» ЖШС-де резервтік 5 күнге жетерлік 10 тонна көмір, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-да резервтік 20 күнге жетерлік 11 993 тонна мазут қоры бар

Нұрперзент ТУҒАНБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.