Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аудан орталықтарында аэротүсірілім жүргізіледі

0 262

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының 3 бөлімі 2 тармағына және облыс әкімінің төрағалығымен 2022 ж 02 наурызында өткен аппараттық кеңестің №46 хаттамасының 2 тармағына сәйкес, 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында Сарыкемер, Аса, Б.Момышұлы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Құлан ауылдарына масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірлім жұмыстары ұшқышсық ұшу аппараты арқылы «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады. (Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы 20-23.09.2023 жылы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы 25-28.09.2023 жылы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, 30.09-03.10.2023 жылы, Меркі ауданы, Меркі ауылы 05-09.10.2023 жылы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы 10-14.10.2023 жылы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында 15-19.10.2023 жылы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы 15-19.10.2023 жылы).
Аэрофототүсірілім жұмыстары өз кезегінде картографиялық деректердің, яғни әр бір елді мекеннің даму жоспарларының (бас жоспарлар мен оңайлатылған сызба, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары), қала құрылысы талаптары (қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар) мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен және тура дәлдікте облыстың Геопорталына және республикалық «Жария кадастрлық картаға» орналастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге аэрофототүсірілім жер учаскелерін берудің жаңа әдісі туралы қабылдаған жаңа Заң жобасын (Жер Кодексіне 44-2 бап) іске асыруда, оның ішінде жер учаскелерін электронды түрде (сауда-саттық арқылы және өтініш берушінің өзі белгілеп, сызу арқылы) беруге де мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты басқарма тарапынан «КАЗГИСА» ЖШС өкілдерімен аэрофототүсірілім жұмыстары бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланып, аудан әкімдеріне кеңінен түсіндірілді.
Осы орайда, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарына аталған жұмыстарға түсіністікпен қарау сұралады.

Айтқазы Қарабалаев,
Жамбыл облысы әкімдігі
сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.